Қазақстандық тілшілер  БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық тілшілер  БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барды

09.11.2017
Қазақстандық тілшілер  БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барды

Бір топ отандық тілшілер «Қазақстандық БАҚ-тардың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысын жария етудегі әлеуетін күшейту» жобасы аясында БҰҰ-ның Нью-Йорк қаласындағы штаб-пәтеріне барып қайтты. Бес күндік семинарды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі БҰҰ Хатшылығы мен БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды.

 

Қатысушылар арасында «Қазақстан» РТРК» АҚ өкілдері бар.

 

Жобаның негізгі мақсаты – еліміздің 2017-2018 жж. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігін, әсіресе 2018 жылғы қаңтардағы осы органда төрағалық етуін қеңінен жариялауды қамтамасыз ету. Қазақстанның жаһандық үдерістерге қатысуы еліміздің бітімгершілік әлеуетін арттыру және дипломатиялық қызметінің кәсіби деңгейін көтеру үшін бірегей мүмкіндік саналады.

 

Сапар алдында жоба қатысушыларымен кездесуінде Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БАҚ өкілдерінің осы жобаға белсенділік танытуы ең алдымен Қазақстанның Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысы туралы уақтылы және жан-жақты ақпарат беру тұрғысынан маңызды екенін атап өтті.

 

Сапар бағдарламасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысымен, Қазақстанның аталған органға тұрақты емес мүше ретіндегі қызметінің басымдықтарымен, сондай-ақ, 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығының жоспарларымен танысуды қамтамасыз етті.

Хабарламаларға жазылу