Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық бітімгерлер Ливанға аттанды

14.11.2023

Қазақстандық әскери бітімгерлер Ливан Республикасына аттанды. Оныншы контингент, БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясы шеңберінде, жарты жыл қызмет еткен әскери қызметшілердің орнын алмастыруға кетті. Олар жарты жыл бойы Үндістанның бітімгерлік батальонының құрамында болады. Бұл тәжірибе Қазақстанның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі ұстанымын қуаттап, мемлекеттер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады.

Еламан Нүсіпқожаев, бітімгерлік контингентінің сержанты:

Бұл миссияны атқару барысында біздің жеке құрам патрульдік қызметте және базалық күзет қызметінде және бақылау посттарында қызмет атқарады. Ливан мемлекетенінің халқына гуманитарлық көмек көрсетуге көмектеседі.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу