X Фредерик Данияның королі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

X Фредерик Данияның королі болды

15.01.2024

Данияның ең ұзақ билік еткен патшайымы Маргрете II жексенбі күні тақты өзінің тұңғыш ұлы Фредерик X-ға тапсырды. Тарихи мұрагерлікке куә болу үшін Копенгаген орталығына 100 мыңдай адам жиналды.

Фредериктің Данияның, Гренландияның және Фарер аралдарының королі атанғанын премьер-министр Метте Фредериксен патшалық сарай балконынан жариялады.

Оның анасы Данияда 52 жыл корольдік етті. Маргрете - 900 жылға жуық уақытта тақтан өз еркімен қош айтысқан алғашқы даниялық монарх.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу