Ресейде эпидемия дендеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде эпидемия дендеп тұр

04.01.2024

Ресейді коронавирус, тұмау және қызылша эпидемиясы жайлады. Дәрігерлердің мәліметінше, соңғы бір аптаның ішінде коронавирус жұқтырғандар саны 10%-ға көбейген. Бұған енді қызылша мен көкжөтел қосылды. Мектептер мен жоғары оқу орындарында қызылшаға қарсы карантин енгізіліп жатыр. Сондықтан енді қызылшаға қарсы екпе тек балаларға ғана емес, ересектерге де салынады. Тұмау жұқтырғандар да 30 пайызға көбейген.

Александр Арутюнов, дәрігер:

Сондықтан қазіргі жағдайда барлық карантиндік шараларды қолға алған маңызды. Яғни ем-домнан бөлек, вакцинациялауға да баса мән берген маңызды. Өйткені вирустың тарауына тосқауыл болатын тек ұжымдық иммунитет қана.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу