Ресейде бірінші қыркүйекке дейін мұғалімдерді вакциналау күшеймек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бірінші қыркүйекке дейін мұғалімдерді вакциналау күшеймек

10.08.2022

Ресейде бірінші қыркүйекке дейін мұғалімдерді вакциналау күшеймек. Өйткені коронавирус өршіп барады. Бір тәулікте 23 мыңнан астам адамнан ковид анықталған. Соңғы 8 айда ауру жұқтыру 5 есе өсті.

Индира Бегайдар, тілші:

Елде дерт дендеп барады. Вирус жұқтырғандардың саны бойынша Мәскеу және Санкт-Петербург қалалары көш басында. Ресейде мұғалімдердің 75 пайызы вакцинациялаудан өткен, енді бұл санды жүз пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Соңғы күндері «ниндзя» деп аталатын вирустың ВА4 және ВА5 түрі көбейген. «Бұл штамдардың жұқтыру қаупі жоғары»,- дейді мамандар.

Әзірге вакцина жеткілікті. Дегенмен күзге таман дефицит туындауы мүмкін. Логистика бұзылғалы өндіріске қажетті шикізат елге жеткізілмейді. Сонымен қатар, Ресейде маска тағу қайтадан міндеттелді. Дәріханаларда бетперде мен дезинфекциялық құралдарға сұраныс өсіп, бағасы бірден 17 пайызға қымбаттаған. Вирусологтар күзде карантиндік шаралар күшейтілетінін айтады.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу