Қостанай облысында үш күннен бері 33 ауылда жарық жоқ. Боран салдарынан сымдар үзіліп, 100-ден астам елді мекен электр қуатынсыз қалған еді. Қазір 7 ауданда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал Солтүстік Қазақстан облысының 17 ауылында 850-ден астам отбасы жарықсыз отыр. Мамандар 3 тәуліктен бері ақауды жоя алар емес. Өңірдегі электр желілерінің 95 пайызы тозған. Бір ай бұрын қатты дауылдан кейін 183 елді мекен жарықсыз қалған еді. Синоптиктердің болжамынша алдағы күндері тағы да бұрқасын болады.
Дауренбек Әбдібек