Солтүстік Қазақстанда бес күннен бері жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда бес күннен бері жарық жоқ

23.11.2023

Солтүстік Қазақстанда қазір 9 ауданда 36 елді мекен жарықсыз отыр. Электр желілеріндегі ақауды жою үшін көршілес Ақмола облысынан мамандар шақырылды. Естеріңізге сала кетсек, 18 қараша күні боран болып, электр сымдары үзіліп, бағандар құлаған еді. Салдарынан 183 елдімекен жарықсыз қалды. Желілер біртіндеп қалыпқа келтірілуде.

Алайда мәселе 5 күннен бері толық шешімін таппай отыр. Кей аудандарға электр қуаты Ресей мен көршілес Ақмола облысынан тасымалдануда. Кеше кешке қараңғыда отырған 25 ауыл тіркелген еді. Алайда қатты жел мен қарлы жаңбыр жағдайды тағы да ушықтырып жіберді.

Эльмира Кәленова


солтүстікқазақстан

Хабарламаларға жазылу