Павлодар облысында 48 ауылда жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында 48 ауылда жарық жоқ

11.01.2024

Бораннан Павлодар облысындағы 117 елдімекенді жарықсыз қалдырды. Облыс орталығы мен сегіз ауданда электр қуаты өшіп қалды. Жөндеу жұмыстарына 56 бригада шығарылды. Қазір 48 ауылдық округ жарықсыз отыр. Мәліметке қарағанда желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. Осының салдарынан бірнеше әлеуметтік нысанның шатыры ұшып кетті. Жолда қалған 80-ге тарта адамға көмек көрсетілді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу