Жамбыл облысында лимон ағашы өсіріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында лимон ағашы өсіріле бастады

26.12.2023

Жамбыл облысындағы Қордай ауданы енді лимон ағашының орталығына айналуы мүмкін. Өйткені аталған аудандағы Бетқайнар ауылында алғаш рет цитрустық жеміс – лимон өсіріле бастады. Тәжірибелі бағбандар бара алмаған батыл қадамға колледж студенттері барды. Олар 47 түп тропикалық жемісті жерсіндіруді қорықпай қолға алған. Олар мұны агро салаға үлес қосатын стартап жобамыз деп отыр. Әр түп ағаш 30 келідей лимон берген. Әзірге мәуелі бақ жылыжайда жайқалып тұр. Африка мен Азияның ыстық жерлерінде өсетін лимон жыл он екі ай өнім береді. Жастар жағы 300 шаршы метр жылыжайды салуға 2 миллион теңгеге жуық қаржы жұмсапты. Енді студенттер экзотикалық жемістерді сатып, оқу ордасының керегіне жаратуды жоспарлап отыр.

Сара Есенғали, студент:

Бұл лимондар адам денсаулығына пайдалы. Аптасына 2-3 рет келеміз, топырағын сорттаймыз. Жылыжайымыз бұдан былай өсе береді және бұдан да басқа банан болсын, Қазақстанда жоқ жемістерді өсіретін боламыз.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу