Түркістан облысындағы лимон өсірушілер мемлекеттен қаржылай көмек сұрайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысындағы лимон өсірушілер мемлекеттен қаржылай көмек сұрайды

09.12.2020

Қып-қызыл шығынға баттық деген Түркістан облысындағы лимон өсірушілер мемлекеттен қолдау сұрайды. Шаруалардың сөзінше, цитрусты өнім алудың машақаты көп. Мәселен, лимонның бір түп ағашы үш жылдан кейін ғана өнім береді. Толықтай жеміс беруі үшін сегіз жыл күтім керек. Осындай қиындықтарға байланысты шаруалар отандық нарықтың тек бір пайызын ғана қамтып отыр. Мелекеттен қаржылай көмек керек деген диқандар лимон өсірушілердің қауымдастығын құрмақ.    

Нұрсұлтан Жүсіпбаев, кәсіпкер:   
- Суық болса өлтіріп алуымыз мүмкін ағашты. Әр үш-төрт жыл сайын кленкасын ауыстырып тұруымыз керек. Сондай шығын көп бізде. Қазіргі таңда соған мемлекет тарапынан көмек берілсе, біз ары қарай да дамытуға дайынбыз.  
Мәди Ибадуллаев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары:   
- Цитрус өнімдерін өсіретін шығындарды есептеп, қандай қолдаулар керек екені туралы ұсыныс сол қауымдастық тарапынан болуы керек. Бірлесе отырып, бір жерден. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы біз заң жүзінде көмектесетін боламыз.  

Айнұр Ақбаева  


Түркістан облысы лимон өсірушілер қаржылай көмек

Хабарламаларға жазылу