Қостанайда 42 тұрғын үй және мектеп пен әуежай жылусыз қалды. Аэропорт шағын ауданындағы жылу құбырлары жарылған. Салдарынан бірқатар нысан мен тұрғын үйге жылу беру тоқтатылды. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Соған байланысты 42 көпқабатты тұрғын үйде, №29 орта мектепте және халықаралық әуежайда жылу сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін сөндіріледі.
Жезқазғандағы жылу электр орталығында істен шыққан қазандықтарды қайта қалпына келтіру жалғасуда. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол жақта бірден 3 қазандық істен шыққан.
Дәуренбек Әбдібек