Қостанайда 30 тұрғын үй және әлеуметтік нысандар жылусыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда 30 тұрғын үй және әлеуметтік нысандар жылусыз қалды

20.12.2022

Қостанайда диаметрі 400 мм-лік құбыр жарылып 30 тұрғын үй мен мектеп және халықаралық әуежай жылусыз қалды. Коммуналдық апат қаланың жаңадан бой көтерген шағынаудандарының бірінде тіркелді.

Жылу орталығының қызметкерлері Герасимов көшесіндегі ақауды қалпына келтіруге таңсәріден кіріскен, қазір тесілген құбырды дәнекерлеп жатыр. Жылу беру шамамен кешкі сағат сегіздер кезінде қалпына келтірілмек. Бүгін Қостанайда қатты аяз жоқ, ауа температурасы 6-9 градусты көрсетіп тұр. Бұл шағынауданға жылу желісі осыдан жеті жыл бұрын ғана тартылған. Әйтсе де жер асты суының әсерінен металл құбыр шіріп кеткен. 

Нұрлан Көшеков, «Қостанай ЖЭО» МКК бас инженерінің орынбасары:

Биыл жобалық сметалық құжат дайындалды. Сол жоба бойынша барлығы 985 метр жылу құбыры қайта жаңартылады. Жоба құны – 988 млн теңге. Яғни, құбырды полиэтиленмен қаптаймыз. Бұл жер асты суының кері әсерін азайтып, құбырды тез шіруден сақтайды.

Хабарламаларға жазылу