Ел дипломаттары Сеулдегі оқыс оқиғаның алдын алды. Олар көліктен шыққан өртті сөндірушілер келгенше өз күштерімен ауыздықтаған. Оқиға Қазақстан елшілігіне қарама-қарсы орналасқан ғимараттың жанында болған. Бұл туралы The Korea Herald басылымының Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Ақпаратқа сәйкес, елшіліктің екі қызметкері оқиға орнына жақын жерде болып, бірден әрекет еткен. Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан елшілігінің кезекші коменданты Руслан Қайрамбаевтың өртті өшіріп жатқан сәті видеоға түсіп қалған. Оған бірінші хатшы Бауыржан Байтілеуов көмектескен. Екі қызметкеріміз өрт сөндіргішті қолданып, жалынның одан әрі шарпуына жол бермеді. Егер дер кезінде қимылдамаса, салдары ауыр болатын еді. Өйткені бұл аймақта ғимараттар тығыз орналасқан - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.
Аида Ахметбек