Ақтауда базар өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда базар өртенді

16.03.2021

Ақтауда базарлардың бірінде өрт шығып, 20-дан астам сауда орны жанып кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау түнгі сағат 3-тер шамасында басталған. Мамандар өртті 2 сағатта әрең өшірді. Қызыл жалын 400 шаршы метр аумақты шарпып, жеміс-жидек пен көкөніс сататын сауда орындарының бәрі күлге айналды. Өрттің неден тұтанғаны тексерілуде.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу