Алматыдағы «Қазтрансформатор» зауытында болған өртті 120 адам өшірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы «Қазтрансформатор» зауытында болған өртті 120 адам өшірді

18.10.2017

Кеше түнде Алматыдағы «Қазтрансформатор» зауытының ғимараты отқа оранды. Түнгі үштер шамасында басталған өрт лезде көршілес ғимараттарды да шарпыған.

Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Сандуғаш Баймұханбетованың айтуынша, өрт сөндірушілер оқиға орнына 3 минутта жеткен. 3500 шаршы метр жерді шарпыған жалынмен күреске 120 өрт сөндіруші мен 36 техника жұмылдырылды.

Екі сағатқа жуық тілсіз жаумен арпалысқан төтенше жағдай қызметінің сарбаздары сағат бестен аса өртті ауыздықтады. Ал, сағат алтыдан асқанда от толық өшірілді. Оқиға орнында жараланғандар мен жапа шеккендер жоқ.

Хабарламаларға жазылу