Мәскеуде Елшілік қызметкерлері арасында футболдан бейресми Әлем чемпионаты өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде Елшілік қызметкерлері арасында футболдан бейресми Әлем чемпионаты өтті

25.09.2017

Дипломаттар келіссөз жүргізудің ғана емес, доп ойнаудың да шебері. Мәскеуде Елшілік қызметкерлері арасында футболдан бейресми Әлем чемпионаты өтті. Спорттық сайысқа Ресейде жұмыс істеп жатқан Қазақстан, Испания, Кувейт, Тәжікстан, Боливия сынды, барлығы 12 мемлекеттің дипломаттары қатысты. Жасыл алаңға шыққан Қазақстанның командасы алғашқы кездесуде Қытаймен тең түскенімен, келесі айналымда «Мир» телеарнасының ұжымынан құралған топтан жеңіліп қалды. Ал, Колумбиядан басым түскен тәжік дипломаттары, біріншіліктің жеңімпазы атанды. Елшілік қызметкерлері арасындағы мұндай жарыс келер жылы Ресейде өтетін футболдан Әлем чемпионатының қарсаңында арнайы ұйымдастырылып отыр.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу