Есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткі әзірлегендер өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін

11.12.2023

Енді ірі көлемде есірткі әзірлегендер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін. Бұл туралы Мәжілісте өткен Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Ержан Сәденов айтты.

Ол есірткі тарататын жастарға жазаны жеңілдетуді сұрады. Егер қылмыс бірінші рет жасалып, кінәлі адам тергеу органдарымен белсенді жұмыс істесе, онда оларды жауапкершіліктен босату мүмкіндігі қарастырылады.

Биыл кәмелетке толмаған 6 бала сотталып, тағы 26 жасөспірім заң алдында жауапқа тартылған. Жалпы 10 айда есірткі қылмысымен 3 мыңнан астам адам сотталды. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу