Петропавл: Есірткі өндіруші өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавл: Есірткі өндіруші өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

21.12.2021

Петропавлда синтетикалық есірткі өндіруші ұсталды. Ол пәтер жалдап, «спайс» жасауға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алған. Күдіктінің интернет дүкені әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полиция назарына ілікті. Ол бұрын сотты болған ер адам мен оның психотроптық заттарға тәуелді әйелін есірткі сатуға пайдаланған.

Күдіктінің үйін тінту кезінде таразы, синтетикалық есірткі өндіруге қажетті жабдықтар мен химиялық реагенттер, 250 грамм «cпайс» және түрлі концентраттар тәркіленді. Сонымен қатар үш ұялы телефон, SIM-карталар, есірткі жеткізіліп келген мекенжай тізімі және олардан түскен ақша аударымдары туралы жазбалар алынды. 29 жастағы жігіт өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Петропавл Есірткі

Хабарламаларға жазылу