Шығыс Қазақстанда 320 млн теңгенің есірткісі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда 320 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

21.05.2021

Шығыс Қазақстанда 380 келі марихуана мен гашиш тәркіленді. Оның қара нарықтағы құны - 320 млн теңге. Құқық қорғаушылар есірткіні жүк көлігін тінту барысында анықтаған. Жүргізуші апиынды көліктің шанағына жасырған. Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы есірткі саудасымен айналысып келген. Полицейлер олардың жасырын сауда жолын анықтап, қолға түсірген. Қазір қылмыстық топтың ұйымдастырушы ретінде ұсталған Жамбыл облысының азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу