Алматы облысында 24 жастағы жүкті әйел, несиесін өтеу үшін құрсағындағы сәбиін сатпақ болған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады. Әйел әлеуметтік желіге 7 айлық шаранасын сататынын хабарлаған. Сәбилері жоқ ерлі-зайыптыларды тауып, олармен келісім жасасып үлгіріпті. Сатып алушы тарап әйелдің несиелік қарыздарын өтеп бермек болған. Сондай-ақ, Шымкентте жаңа туған нәрестені саудалаған тағы бір қылмыс тіркелді.
Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы:
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 23 жастағы әйелдің өз баласын сатпақ болып, сатып алушыларды іздеумен айналысқанын анықтады. Ол делдал арқылы басқа облыстың 45 жастағы тұрғынын тапқан. Қазір сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті қамауға алынып, бала сәбилер үйіне орналастырылды.
Сондай-ақ, республика аумағында өткен 3 күндік «Хай тек» жедел-алдын алу іс-шарасы кезінде 125-тен аса киберқылмыс тіркелген. Оған қоса бұрын жасалған 300-ге жуық заң бұзушылық анықталды. Алаяқтар, азаматтарды алдау үшін түрлі айлаға барған.
Тәуір Бозекен