Сомалиде су тасқынан қаза тапқан адам саны 100-ге жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сомалиде су тасқынан қаза тапқан адам саны 100-ге жуықтады

27.11.2023

Сомалиде су тасқынынан қаза тапқан адам саны 96-ға жетті. БҰҰ-ның мәліметінше, 700 мыңдай тұрғын үйсіз қалған. Олар уақытша лагерлерді паналауға мәжбүр. Елде нөсер жауын қазаннан бері тоқтамай жауып тұр. Бұған «Эль-Ниньо» және «Үнді мұхиты диполі» атты екі бірдей ауа райы құбылысы әсер еткен. Көмек ұйымдары жұқпалы аурулар белең алуы мүмкін деп дабыл қақты. Мұндай алапат су тасқыны елде соңғы ондаған жылда болмаған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу