Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 50-ге жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны 50-ге жуықтады

14.10.2019

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан қаза тапқандар саны 49-ға жетті. Тағы 189-ы жараланған. Және де 16 адам із-түссіз жоғалғандар санатында. Сенбі күні соққы берген дүлей дауыл мен нөсер жауыннан 20 шақты өзен арнасынан тасып, мыңдаған үйді су басты. Зардап шеккен аудандардан жүздеген мың адамды эвакуациялауға тура келген. Олар үйлері мен шаруашылықтарына орасан зор шығын келгенін айтып отыр. Тасқыннан жолдар шайылып, пойыздар мен мыңға жуық рейс тоқтаған. Сан мың тұрғын электр жарығынсыз қалды. «Хагибис» – соңғы 60 жылда Жапонияға соққы берген ең жойқын тайфун. Табиғи апатқа байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Жапония императоры Нарухитоға көңіл айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу