Жапонияда зілзаладан қаза тапқандар саны 161 адамға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда зілзаладан қаза тапқандар саны 161 адамға жетті

08.01.2024

Жапонияда өткен аптада болған зілзаладан қаза тапқан адам саны 161-ге жетті. Мұны ел билігіне сілтеме жасап, «Франс 24» халықаралық жаңалықтар арнасы мәлімдеді. 100-ден аса адам ізім-ғайып болғандар тізімінде. Жолдың бұзылуы шалғайдағы аудандарға жетуге кедергі келтіріп жатыр. Оның үстіне қалың қар іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатты. Бұған қоса, ауыр салмақтан ғимараттарға құлау қаупі төніп тұр. Исикава префектурасында ондаған мың адам әлі электр жарығынсыз, сусыз отыр. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу