«Сарбаз сахнасы» Республикалық әскери фестивалінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарбаз сахнасы» Республикалық әскери фестивалінің жеңімпаздары анықталды

24.11.2023

«Сарбаз сахнасы» Республикалық әскери фестивалінің жеңімпаздары анықталды. Қазақстан Қарулы күштері ұйымдастырған байқауға 3000 мыңнан аса адам қатысты. Соның 350-ден астамы іріктеуден өткен. 2019 жылдан бері дәстүрлі түрде жалғасып келе жатқан байқаудың гала-концертіне әріптесіміз де қатысып қайтты.

Байқау талабы бойынша әскери қызметшілер 4 номинация бойынша сынға түседі. Қатысушылар жеке орындау, аспаптық, үрмелі және фольклорлық ансамбль ретінде өнер көрсету, жеке және топтық би нөмірлері мен фотосуреттер, қолөнер жұмыстарын көрсетуі тиіс.

Жұмабек Хасенов, ҚР қарулы күштерінің Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары:

бұл жерде ең бірінші этаптан бастасақ 2500, 3000 адамды қамтып отыр. Ал бүгінгі шарада 350-ден астам қатысып отыр. Абай гарнизонынан, шығыс елінен, оңтүстіктен тараздан, әскери теңіз күштерінен және әуеқорғаныс және құрлық әскерінен келіп отырған сарбаздарымыз бар.
Гран-при және бас жүлде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Алаш» квартетіне бұйырды. Айтуларынша олар байқауға жылда қатысады. Тыңғылықты дайындықтан өтеді.

Саяхат Тұрлыбеков, «Алаш» квартетінің мүшесі:

Семей қаласынан келіп тұрмын. Абай гарнизонының намысын қорғап келіп тұрмыз. Абай гималай әнін әкеп отырмыз. Квартеттің құрылғанына 8 жылдай болды. Жыл сайын қатысамыз.
Ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай іс-шаралар идеологиялық және мәдени-демалыс жұмыстарының тиімділігін арттырады. Сондай-ақ талантты әскери қызметшілерді анықтауға мүмкіндік береді.

Хабарламаларға жазылу