«ТеатрALL» фестивалінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ТеатрALL» фестивалінің жеңімпаздары анықталды

01.11.2021

Театрлар арасындағы өнер сайысы аяқталды. Бірнеше күн қатарынан елорда халқы мен қонақтары сан қойылымға қарық болған еді. Бүгін «Театрall» фестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 аталым бойынша туындылар сахналанды. Елден бөлек, көрші Ресейдің де театр тарландары бақ сынады. «Үздік режиссер», «Үздік қойылым», «Үздік актер», «Үздік актриса және басқа да аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды.

Шыңғыс Расылхан, «Астана Опера» театрының солисті:
Бүгін негізі мен жалпы ән айтуым керек еді ,бірақ күтпеген жағдайда номинацияның иегері болып жатырмын. Қуаныштымын, «Жаңа есім» номинациясымен марапатталдым.


Хабарламаларға жазылу