Ақтөбе облысының 10 ауылында бес күннен бері жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының 10 ауылында бес күннен бері жарық жоқ

19.04.2023

Ақтөбе облысының он ауылында бес күннен бері жарық жоқ. Өңірде қолайсыз ауа райының салдарынан 14 сәуір күні 40 елді мекенде электр энергиясы өшкен. Ауылдардың көбінде сымдар үзіліп, бағаналар құлаған еді. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп, апат салдарын жою қолға алынған. 30 ауылға жарық берілді. Жауаптылардың айтуынша, Хромтау ауданындағы апат орын алған жерлерде жол батпақ болғандықтан, көлік бара алмайды. Сондықтан, жұмыс ертең де жалғасуы мүмкін.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу