Ақтөбе облысының сегіз ауылында жарық жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысының сегіз ауылында жарық жоқ

19.04.2023

Ақтөбе облысының сегіз ауылында бес күннен бері жарық жоқ. Өңірде қолайсыз ауа райының салдарынан 14-сәуір күні 40 елді мекенде электр энергиясы өшкен. Ауылдардың басым бөлігінде электр сымдары үзілген. Сондай-ақ бағаналар құлаған. Мамандар жөндеу жұмыстарын жүргізіп, апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. Қазірге дейін 32 ауылға жарық берілді. Жауаптылардың айтуынша, Хромтау ауданындағы апат орындарына жол батпақ болғандықтан көлік жете алмай жатыр. Сондықтан жұмыс ертең де жалғасуы мүмкін.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу