СҚО: Кондратовка ауылында 4 күннен бері жарық та, су да жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО: Кондратовка ауылында 4 күннен бері жарық та, су да жоқ

12.05.2021

Солтүстік Қазақстан облысының Кондратовка ауылында 4 күннен бері жарық та, су да жоқ. 200-ге тарта түтіні бар елдімекенге тоқ беріп тұрған екі трансформатордың бірі істен шыққан.

Салдарынан 50 үй жарықсыз қалды. Ауылдағы құдық та электр қуатының көмегімен жұмыс істейді. Ол да істен шыққандықтан тұрғындар суды көрші ауылдардан тасып жатыр. Тұрғындар мәселенің дер кезінде шешілмегеніне ашулы. Жергілікті билік өкілдері болса, жарамсыз трансформатор жуық арада жаңасына алмастырылатынын айтты.

Елена Безе, ауыл тұрғыны:
Жарық болмағандықтан инкубатор суып қалды. 80 жұмыртқа, тоңазытқыштағы ет далаға кетті. Ауылда құс өсіріп сататындар көп. Біз ғана емес, қаншама адам осындай шығынға батты.


Хабарламаларға жазылу