Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген тұрғын ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Денис Теннің ескерткішін бүлдірген тұрғын ұсталды

23.11.2023

Алматыда спорт шебері Денис Теннің ескерткішін бұзақы ойрандап кеткен. Ол ескерткіштің қабырғасына жазба қалдырған. Сондай-ақ өзінің аты-жөні мен телефон нөмірін де ойып жазыпты.

Алматы қаласының Полиция департаменті аталған жайтқа қатысты Қылмыстық кодекстің 1-бөлігі, 294-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Полицейлердің айтуынша, ескерткішті ойрандаған адам, психоневрологиялық есепте тұрады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу