Ақмола облысында бу құбыры істен шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында бу құбыры істен шықты

21.11.2023

Ақмола облысының Степногорск қаласындағы жылу электр орталығында бу құбыры істен шықты. Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, шаһарға жылу беру тоқтатылмаған. Тұрғын үйлер мен ғимараттардағы температура қалыпты. Жауапты мамандар, құбырды қалпына келтіру жұмыстары алдағы үш-төрт күнде аяқталады деп отыр.

Айта кетейік, қазір Степногорск қаласындағы жылу электр орталығының 70 пайызы тозған. Биыл оны жөндеуге 4 миллиард теңге бөлінді.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу