Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді

08.12.2021

Алматыда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді. Диаметрі 1000 миллиметрлік құбыр жаңартылып, сынақтан кейін қайтадан іске қосылды.

Еске салайық, кеше шаһардағы ірі жылу магистралінде ақау болып, ыстық су атқылады. Салдарынан Рысқұлов көшесінің бойын бу мен тұман басқан еді. Көлік қозғалысы қиындап, жүргізушілер жолды көрмей, кедергіге тап болды. Даңғылды уақытша жабуға тура келген болатын. Апат болған аумақта мамандар түні бойы жұмыс істеп, қалпына келтіру жұмыстары толық аяқталды.

Қуан Нұрақын


Алматы жылу құбыры

Хабарламаларға жазылу