Ақмола облысы: Бірнеше ауданда баллондарға газ құятын арнайы бекет жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысы: Бірнеше ауданда баллондарға газ құятын арнайы бекет жоқ

09.12.2021

Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласы мен бірнеше ауданда газ құятын арнайы бекеттер атымен жоқ. Сол себепті тұрғындар газ баллондарын жанар-жағармай бекеттерінде толтыруға мәжбүр. Бұл өте қауіпті дейді мамандар.

Облыс аумағына орталықтандырылған газ құбыры да тартылмаған. Тұрғындар жиі ереже бұзуға мәжбүр. Мәселен, биыл Ақмола облысында бірнеше рет газ баллонының жарылу оқиғасы тіркелді. Салдарынан 7 адам көз жұмған.

Мереке Ахметов, Ақмола облысы бойынша Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің бөлім басшысы:

Автокөлікке газ құютын орындарда баллонның салмағын өлшейтін, оны тазалайтын құрылғылар жоқ. Ал баллонның түбінде қалдықтар қалады. Егер оны шамадан тыс толтырып жіберсе, салдары ауыр болуы мүмкін. Сондықтан тұрғындарды тек қана арнайы газ құю бекеттерінің қызметін қолдануға шақырамыз.

Ермек Елберген


Ақмола облысы баллон газ

Хабарламаларға жазылу