Ұлытаулық жас отбасының тұңғышы еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытаулық жас отбасының тұңғышы еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды

16.11.2023

Елімізде 20 миллионыншы атанған бес сәбидің бірі Ұлытау облысында дүниеге келді. Сұңғатқызы Томирис Жезқазған қаласында 8-ден 10 минут кеткенде туған. Олжалы сәби – отбасының тұңғышы.

Әйкерім Молдашева, Жезқазған Қаласының тұрғыны:

Жалпы көп балалы ана болғым келеді. Бүкіліне осы бақытты тілеймін. Кәдімгідей қобалжып тұрмын . Мүмкін 21 миллионыншы баланың анасы да мен болатын шығармын.

Қазір анасы мен сәбидің жағдайы жақсы. Томирис дәрігер болжаған уақытта туған. Салмағы 3 келі, бойы 49 сантиметр. 20 миллионыншы қазақстандықтықтың кіндігін кесу бақыты 38 жылдық тәжірибесі бар акушер-гинекологқа бұйырыпты.

Әнжан Баймағамбетова, акушер-гинеколог:

Ұлытау облысында осындай қуаныш болып жатыр. 20 миллионыншы баланы өмірге әкеліп жатырмыз. Бізде биыл былтырғы, алдыңғы жылға қарағанда туу өте көп. 


Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу