Францияда тасқын: тұрғындар эвакуацияланып, мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда тасқын: тұрғындар эвакуацияланып, мектептер жабылды

13.11.2023

Францияның солтүстігін алапат тасқын жайлады. Үздіксіз нөсер жауын жауып, қауіптің ең жоғары қызыл деңгейі жарияланған. Табиғи апаттан жүздеген адам қауіпсіз жерге көшірілді. 200 ауданда мектептер жабылды. Ауа райы болжамына сай, өңірде бүгін де жаңбыр жауады. Лай көшкіні жүруі, өзендер арнасынан асуы мүмкін деген қауіп сейілмей отыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу