Қытайда аязға байланысты мектептер жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда аязға байланысты мектептер жабылды

13.12.2023

Қытай астанасы Бейжіңде боран мен аязға байланысты мектептер жабылды. Сонымен қатар, пойыздар тоқтаған. Ал қаланың халықаралық әуежайында жолдар мен ұшақтар мұздан тазартылып жатыр. Жергілікті билік кәсіпорын иелерін жұмыс кестесін икемді етуге шақырды. Және де мегаполисте қар көшкініне байланысты қауіптің екінші деңгейі жарияланған.

Осыған ұқсас жағдай Шыңжаңның астанасы Үрімшіде де қалыптасып отыр. Дегенмен, зардап шеккен адамдар туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу