Петропавлда ел абыройын асқақтатқан спортшыларға құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда ел абыройын асқақтатқан спортшыларға құрмет көрсетілді

27.10.2023

Азия ойындарының 4 дүркін чемпионы Алексей Луценко Солтүстік Қазақстан облысының әкіміне жейдесін сыйға тартты.

Ғауез Нұрмұхамбетов Азия ойындарына қатысқан спортшылармен кездесіп, жүлдегерледі және олардың жеке бапкерлерін құттықтады. Байрақты бәсекеде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғанан 500-ден астам споршының жетеуі Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Теріскейлік қыз-жігіттер ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль салған еді. Салтанатты жиында оларға құрмет көрсетіліп, ақшалай сыйлықтар табысталды. Естеріңізге сала кетсек, Қытайда өткен Азия ойындарында топтық бәсекеде Алекесей Луценко ізбасары Евгений Феодоровқа жол берген еді.

Алексей Луценко, Азия ойындарының чемпионы:

Мәреге жақындағанда Евгенийге жол беруді жөн көрдім. Себебі, ол жас, әрі мықты спортшы. Өткен жылы жастар арасындағы Әлем чемпионатында жеңіске жеткен еді. Екеуміз бірге жаттығамыз. Дайындық барысында жеңіске деген құлшынысын көрдім. Алтын медальға әбден лайық.

Дархан Рақымжан


Солтүстік Қазақстан облысы

Хабарламаларға жазылу