Елдос Сметовті жерлестері сән-салтанатпен қарсы алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдос Сметовті жерлестері сән-салтанатпен қарсы алды

28.07.2021

Күні кеше еліміздің қоржынына қола медаль сыйлаған Елдос Сметовті жамбылдық жерлестері күтіп алды. Ел абыройын асқақтатқан балуан жақындарымен қауышып, жанкүйерлерімен жүздесті. Қуанышты сәтке осы өңірден бізбен тікелей байланысқа шыққан әріптесім Сәбит Әлдебай да куә болды

Сәбит Әлдебай, тілші:
Жаңа ғана жеңімпаз жерлесіміз Тараз топырағына табан тіреді. Спорт саңлағын құттықтауға асыққан жанкүйерлер Тараз шаһарының шығыс қақпасынан күтіп алды. Мұнда Елдостың келе жатқанын естіп сағаттап күтіп тұрғандар да бар.

Жеңімпазды қаумалаған жұрт қала көшелерімен сән салтанатымен жүріп өтті. Қазір Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында спортшымен арнайы кездесу өтуде. Жиылған жұрт жеңімпазды құттықтап, арнайы сыйлықтарын табыстауда.


Хабарламаларға жазылу