Самал Еслямоваға 3 бөлмелі пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самал Еслямоваға 3 бөлмелі пәтер берілді

24.05.2018

71-ші Канн фестивалінде «Ең үздік актриса» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған Самал Еслямоваға 3 бөлмелі пәтердің кілті табыс етілді. Сондай-ақ, ол облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Әлемдік кино өнерін мойындатып, еліміздің абыройын асқақтатқан актрисамен жүздесуге ұстаздары, ауылдастары, мәдениет саласының майталмандары жиналды. Жерлестерімен кездесуге келген Самал Еслямоваға көпшілік тік тұрып, қол соғып қошемет көрсетті.

Құмар Ақсақалов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

- Қазақ елінің қуанышында шек жоқ. Самал Еслямова – Канн фестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясында бас жүлдені жеңіп алған ТМД көлеміндегі алғашқы актриса. Әлемдегі ең танымал кинофестивальға қатысып, топ жару –  үлкен жеңіс. Қазақтың атын, мәртебесін, рухын көтергені үшін Самалға алғысым шексіз.

Самал Еслямова, актриса:

- Мені қолдап жатқан еліме алғысым шексіз. Оған баға жетпейді. Қуаныштымын. 

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу