«Таңшолпан». Әлемдік жұлдыздар Димаш Құдайбергеновке құттықтау жіберуде (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әлемдік жұлдыздар Димаш Құдайбергеновке құттықтау жіберуде (ВИДЕО)

24.05.2017

Бүгін қазақтың маңдайына біткен әнші Димаш Құдайбергеновтың туған күні. 2012 жылы «Жас қанат», «Восточный базар», 2015 жылы «Славян базары» халықаралық байқауларында топ жарған әнші биыл Қытай еліндегі «Singer-2017» байқауында 2-ші орын иеленді. Сонымен қатар, Димаш «Азиядағы ең атақты әнші» номинациясын жеңіп алды.

Бүкіл әлемді талантымен тамсандырған Димашты әлемдік жұлдыздар әлеуметтік желі арқылы құттықтауда. Олар -  Ева Лонгория мен Лара Фабиан.

Сондай-ақ, бүгін - қазақ спортының жұлдызы Илья Ильиннің өмір есігін ашқан күні. Бірқатар әлемдік және халықаралық додаларда ел мерейін асырып, абыройын асқақтатқан спортшыны туған күнімен құттытап, толағай табыстар тілейміз. 

Хабарламаларға жазылу