Пара Азия ойындары: Парадзюдошылар рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пара Азия ойындары: Парадзюдошылар рекорд орнатты

27.10.2023

Қытайда өтіп жатқан Пара Азия ойындарында тұғыр бигінен көрінген елордалық дзюдошылар елге оралды. Бүгін Астанадағы әуежайда жеңімпаздарды жанкүйерлері мен туыстары және достары думандатып қарсы алды.

Осы жолы қазақстандық парадзюдошылар рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Қытайдың Ханчжоу қаласына аттанған 19 пара дзюдошының, 14-і жүлдемен оралды. Қоржында 3 алтын, 4 күміс, 7 қола бар. Ерлер арасында алтын алған 73 келі салмақтағы Ерғали Шамей мен Олжас Оразалиұлы. Ал 48 келі салмақта өнер көрсеткен спортшы аруымыз Ақмарал Науатбек алтыннан алқа тақты.

Ақмарал Науатбек, паралимпиадалық Азия ойындарының чемпионы:

Жарыс нәтижесімен өте қуаныштымын. Қарсыластарыма дайын болдым. Бірақ ең қиынға соққаны күрек ол ақтық сын болды. Ол жерде қытай спортшысы өз елінде күресіп жатыр. Ода өзге мотивация болады. Өзінің халқы мотивация береді. Алғашқы секундтарды оған ауырту әдісіне түсіп қалдым. Бірақ уақытылы шығып кеттім.

Күнекей Сырлыхан, Ерғали Шамейдің анасы:

Ең кенже ұлым. 11 құрсақ көтергем. Соның ең кенжесі 6 қыз, 5 ұл. Соның ең кенжесі осының қолында отырмын. Аллаға шүкір. Тәубе етемін. 83-ке келдім. Мұндай жақсылық көремін деп ойлағаным жоқ. Бүкіл дүниежүзіне атағы жайылды. Шүкір дейімін.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу