Азия пара ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия пара ойындары: Ханчжоуда Қазақстан туы көтерілді

21.10.2023

Ханчжоуда Қазақстанның Мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Осылайша, бүгіннен бастап Қазақстан құрамасы ресми түрде 4-ші Азия пара ойындарының сайыстарына қатысуға мүмкіндік алды.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында классификациядан сәтті өтіп, жоғары деңгейін растады. Енді алда жеңіс үшін қарқынды күрес тұр. Қарсыластар осал емес. Қазақстан атынан спорттың 14 түрінен 131 спортшы қатысады. Бұл еліміздің пара Азиада тарихындағы қатысушылар саны бойынша жаңа рекорд. Алдыңғы ойындарға Қазақстаннан спорттың 9 түрінен 91 спортшы қатысып, 33 жүлдеге қол жеткізген. Биыл одан да көп медаль жеңеміз деген үміттеміз»,- деді Ұлттық Паралимпиада комитетінің бас хатшысы Ерлан Сүлейменов. Айта кетейік, IV Азия пара ойындары 22-28 қазан аралығында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Жарысқа спорттың 22 түрінен 43 мемлекеттің 4000-ға жуық спортшысы қатысады.

Асима Нұрбайқызы


Хабарламаларға жазылу