Қарағандылық 74 жастағы Дәрібай Оспанов екі бірдей рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық 74 жастағы Дәрібай Оспанов екі бірдей рекорд орнатты

05.07.2023


Қарағандылық 74 жастағы ақсақал Дәрібай Оспанов ардагерлер арасындағы пауэрлифтингтен Азия, Океания және Африка чемпионатында екі рет жеңіске жетіп, екі бірдей рекорд орнатты. Аталмыш додаға әлемнің 80 елінен келген спортшылар қатысты. Қазақстандық атлет 83 келі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Классикада 400 келі, экиПировкамен өнер көрсетуде 450 келіні бағындырлы. Осылайша, Дәрібай Оспанов ардагерлер арасында Азияның абсолютті чемпионы атанды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу