Қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты

19.02.2020

16 жастағы қазақстандық зілтемірші Рахат Бекболат әлемдік рекорд орнатты. Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ол 356 келіні бағындырып, топ жарды. Дәл осы қалада жақында ғана өткен халықаралық додада даңқты отандасамыз Илья Ильин 355 келі көтеріп жеңіске жеткен еді. Рахаттан бөлек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында отандастарымыз 13 медальге ие болды. 9 алтын, 2 күміс, 3 қола. Жалпы байрақты бәсекеге сары құрлықтың 20 елі қатысқан. Қазақстан атынан барған спортшылардың барлығы да жүлделі орындарға ие болды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу