«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайтарылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстанның халық жазушысы» атағы қайтарылады

12.10.2023

Алдағы республика күніне орай еліміздегі қаламгерлерге «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілуі мүмкін. Бүгін Сенатта осы атақты қайтаратын заң мақұлданды. Жалпы, 1984 жылдан 90-шы жылға дейін «Қазақстанның халық жазушысы» деген статусқа 39 жазушы ие болыпты. Енді, бұл атаққа бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» және Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанған азаматтарға берілетін болады. Жазушыларға атақпен бірге ай сайын қаржылай қолдау да қарастырылған.

Арман Жүдебаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің орынбасары:

Егер ол кісілер мемлекеттік мәдениет және ақпарат министрлігінің тиісті мекемелерінде жұмыс істесе онда 11/93 қаулымен өздерінің набавкелерін алады. Ол 17 950 теңге. Осы шамасында.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу