Бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

24.10.2023

Ұлттық мереке Республика күні қарсаңында Президент Жарлығымен бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетовке, Семей қаласы «№ 7 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейінің мұғалімі Алма Шүкежановаға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қызылорда облысындағы «Таң ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Имамзада Шағыртаевқа берілді. Сонымен қатар «Отан», «Парасат», «Ел бірлігі» ордендері өз иелерін тапты.

Биыл мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілген. Марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар. Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасымен биылдан бастап құрметті марапаттар қатарына «Ел бірлігі» ордені, «Қазақстанның халық жазушысы» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтары қайта қосылды.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу