«Digital Bridge Awards» жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital Bridge Awards» жеңімпаздары анықталды

12.10.2023

Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge» форумының жеңімпаздары анықталды. Олар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудағы жетістіктері үшін Орталық Еуразия елдерінің IT саласындағы үздік мамандары атанды. Жеңімпаздарды қазылар алқасы онлайн-дауыс беруі арқылы анықтаған. Халықаралық шараның жеңімпаздарына арнайы жүлдені форумға қатысқан Премьер-Министр Әлихан Смайылов табыстап, оларға алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу