Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық инновациялық форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық инновациялық форум өтеді

02.11.2018
Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық инновациялық форум өтеді

5 қарашада Астанада «Digital Bridge» атты халықаралық инновациялық форум өтеді. Биыл форумның инновация бағытындағы бірнеше эксклюзивті оқиғаларды біріктірген тұсаукесер жиыны ұйымдастырылмақ.

Форумда халықаралық ІТ-ұйымдардың негізгі өкілдері, технология саласында танылған сарапшы-мамандар, түрлі өндіріс орындарының жетекшілері, технологиялық кәсіпкерлер, бірнеше елдің мемлекеттік секторының өкілдері, цифрлық өнертабыс саласындағы кәсіби мамандар, ғалымдар, венчурлық капиталистер және инвесторлар қатыспақ.

 

Шараға қатысатын спикерлер қатарында 500 Startups партнері Марвин Ляо, Startup Genome бас директоры Жан-Франсуа Готье,  СЕО Hyperloop Transportation Дирк Албон, кәсіпкер, Стартап академиясының менторы және консультанты, стартап тақырыбындағы бірнеше бестселлердің авторы Боб Дорф, «Галактика» жекеменшік ғарыштық компаниясының негізін қалаушы және иесі Алия Прокофьева, Priceline Group команиясының негізін қалаушылардың бірі Джефф Хоффман, Global Cataiyst Partners халықаралық венчурлық капитал фирмасының төрағасы және  құрылтайшыларының бірі Камран Элахиан, америкалық кәсіпкер, инвестор, «TheFunded» және  «The Founder Institute» бизнес-инкубаторының негізін қалаушы және бас директоры Адео Ресси, «Amazon» компаниясының  бизнесті дамыту бойынша аға менеджері Нитин Миттал және өзге де әлемдік ІТ-ұйымдардың жетекші сарапшылары бар.

 

Аталмыш форум аясында Қазақстанда тұңғыш рет инновация саласындағы «Digital Bridge Awards» жүлдесі өтеді. Байқау барысында «Үздік цифрлық бастама», «Үздік кеңселік цифрландыру» және «Үздік ІТ-компания» мықтылары анықталады.

 

Сонымен қатар, форум кезінде Astana Hub технопаркінің халықаралық таныстырылуы барысында тағы екі негізгі шара – стартап индустриясы бағытындағы «Astana Hub Battle» жүлдеcі және «Astana Hub Awards» сайысы ұйымдастырылады.

 

«Astana Hub Battle» бұл – аудитория алдында баяндама жасау форматында өтетін Еуразия кеңістігіндегі 100 үздік стартап сайысы.

 

«Astana Hub Awards» - Қазақстанның стартап-экожүйесінің үздік қатысушылары ІТ-индустрия саласындағы жетістіктері үшін марапатталатын шара. Жүлделер төмендегі аталымдары бойынша беріледі:

  • «Жыл Techpreneurі»
  • «Жыл жаңалығы»;
  • «Үздік технологиялық стартап»;
  • «Мемлекеттік секторға арналған үздік ІТжоба»;
  • «Жыл үздігі».

«Astana Hub Awards» жыл сайын өтетін дәстүрлі шараға айналмақ.

Форум ұйымдастырушысы – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, сондай-ақ, «Зерде» Ұлттық инфокоммуникация холдингі, «Astana Hub» халықаралық ІТ-стартаптар технопаркі.

digitalbridge.kz

Хабарламаларға жазылу