«Digital Bridge» халықаралық форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital Bridge» халықаралық форумы басталды

28.10.2021

Дәл қазір Елордада «Digital Bridge» халықаралық форумы басталып жатыр. Бұл еліміздегі цифрландыру бойынша ең ауқымды шара. Форум барысында қазақстандық және халықаралық IT-қоғамдастықтың 70 спикері сөз сөйлейді. Олар венчурлық нарықты дамыту, IT-өнімді шетелге экспорттау, цифрлық инклюзия, онлайн білім алу және басқа да тақырыптар бойынша баяндама жасайды.

Отандық және шетелдік сарапшылар екі күн бойы елдегі цифрландыру үрдісін талдап, цифрлық технологиялар мен инновацияларды дамыту бойынша жаңа идеялар мен бастамалар ұсынады. Сондай-ақ, осы форум аясында «Цифрландыру, инновациялар мен ғылым есебінен технологиялық серпін» атты ұлттық жобаның тұсаукесері өтеді. Әрі «Astana Hub Battle» сайысы аясында ең үздік технологиялық стартаптар анықталады.


Хабарламаларға жазылу