«Digital bridge 2022» форумы: Technodom жобалаған экожүйе таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Digital bridge 2022» форумы: Technodom жобалаған экожүйе таныстырылды

29.09.2022

Астанада өтіп жатқан «Digital Bridge 2022» халықаралық технологиялық форумына Technodom Operator холдингінің негізін қалаушы – Эдуард Ким қатысты. Сандық экожүйе тақырыбын жетік меңгерген спикер жоғарытехнологиялы «Airba» қызметі мен Technodom құрастырған экожүйены таныстырды.

Эдуард Ким таныстырған жаңа IT жоба меркетплейс пен фудтех-стартап, финтех операторы және логистикалық орталықтан тұрады. Технологиялық шешімдердің өзіндік экожүйесі бар сандық жоба Technodom көп арналы жүйесімен бірлесе жұмыс істейді. Мәселең, Airba Marketplace онлайн плантформасында сатып алуға арналған 100 мыңнан астам тауар түрі бар. Таңдалған зат сатып алушыға келесі күні тегін жеткізіледі.

Эдуард Ким, Technodom operator холдингінің негізін қалаушы:

Бұл экожүйеге Airba Fresh – стартап жобасы да кіреді. Ол табиғи таза тағам өндіру мен жеткізуге арналған. Компанияның негізгі мақсаты тұрғындарға табиғи таза өнімдер жеткізу арқылы тамақтану мәдениетін қалыптастыруға арналған.

Жоба жетекшісі жыл соңына дейін Алматы қаласының тұрғындары бұл жобаның игілігін көре бастайды дейді. Ал, Airba Fulfillment – еліміздегі ең алғашқы логистикалық оператор ретінде танылмақ. Бұл жоба қоймаларды басқарудан бөлек сатушы мен сатып алушы арасын жалғайды. Қазір Жетісу облысында А + класты ірі логистикалық хаб құру жұмысы басталып кетті.

Эдуард Ким, Technodom operator холдингінің негізін қалаушы:

Бұл бағыттан бөлек бізде отындық тұтынушыларға арналған электронды төлем агрегаторын енгізу жобасы да бұл экожүйеге кіреді. Мұнда қаржы аударымдары, төлем жасау, есеп жүргізу құралдары бар.

Отандық IT саласына арналған Digital Bridge шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Бүгінгі панелдік сессияда таныстырылған жоғары технологиялы «Airba» қызметі мен Technodom құрастырған экожүйе - ел тұрғындарының уақытын үнемдеп, сапалы тауар мен қызметтерге қол жеткізуіне септігін тигізеді.

Сәбит Әлдебай


Хабарламаларға жазылу