Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындарының жүлдегерлері елге оралды

07.10.2023

Қытайдағы Жазғы Азия ойындарында жүлде алған бір топ спортшы елге оралды. Олардың қатарындада бокстан ел қоржынына күміс медаль салған – Қамшыбек Қоңқабаев, Карина Ибрагимова, қола жүлдегер Наталья Богданова мен Ұлттық құраманың аға бапкерлері бар. Жерлестерімізді Астана халықаралық әуежайында жанкүйерлері мен жақындары ерекше ықыласпен күтіп алды. Байрақты бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінген спортшыларымыз жарыстың тартысты өткенін жеткізіп, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Қамшыбек Қоңқабаев, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

Жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Біз спортшылар әрқашан осылай қазақтың көкбайрағын желбіретіп, абыроймен асқақтатуға бар күш-жігерімізді саламыз. Мойымаймыз, іспен Париж Олимпиадасында дәлелдеуге тырысамыз. Қазақ еліне алтын сыйлау үшін бар күшімді саламын.

Карина Ибрагимова, Азия ойындарының күміс жүлдегері:

Ең бастысы мен өзімнің жеке бапкеріме алғыс айтамын. 90 пайыз ол жеңіс - бапкерімнің жеңісі. Жанкүйерлеріме алғыс айтамын. Ең маңыздысы олимпиадалық лицензия бар. Алдыңғы жоспар олимпиадалық ойындар. Бір жыл бар, дайындаламыз.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу